Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі

1. Ауылшаруашылық мақсатындғы жерлердің түсінігі, құрамы.

2. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатндағы жерлерді пайдалану субъектілері.

3. Ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден келесі түрге ауыстыру тәртібі.

4. Арнайы жер қорының түсінігі және құрамы.

5. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылық емес мақсаттарға пайдаланумен және оларды алып қоюмен келтіріген шығынды өтеу тәртібі.

6. Шартты жер үлесінің құқықтық жағдайы.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері – 222513,6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910,35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер дегеніміз - ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер болып табылады Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер өз кезегінде 3 тоқа бөлінеді:

· ауылшаруашылық алқаптары;

· ауылшаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналған құрылыстар, өзге объектілер су айдындары орналасқан жерлер;

· өзге алқаптар; құмдар, тақырлар т.б.

Ауыл шаруашылық алқаптары бірнеше түрге бөлінеді: егістік, жайылым, шабындықтар, көп жылдық екпелер, т.б. Суландыру деңгейіне байланысты суарылатын алқаптар (суландыру деңгейі табиғи түрде 75 пайызды құрайды) және суарылмайтын алқаптар болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылық алқаптарына жер заңнамасында берілген түсініктерге тоқталып кетейік. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 4-бөлімінде осы түсініктер бекітілген.



Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ басқа бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.

Тыңайған жер – бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.

Көп жылдық екпелер – жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.

Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегінді құдықтар) бар жайылымдар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу алдына келесідей міндеттерді қояды:

- жерлердің бұзылуына, деградацияға ұшырауына және шаруашылық қызметтің басқа да жағымсыз салдарының орын алуына тосқауыл болу, экологиялық қауіпсіз өндіріс технологияларын пайдалана отырып, мелиоративті және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;



- бұзылуға және деградацияға ұшыраған жерлердің жақсаруын және қалпына келуін қамтамасыз ету;

- жерді дұрыс пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге ендіру;

- мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

- қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтiру жөнiндегi шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, белгiлi бiр жерде жер учаскелерiн бөлiп беру мен шекарасын белгiлеу, жер учаскесiне меншiк құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды ұйымдастыру;

- жердi түгендеу iсiн жүргiзу, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жердi анықтау;

- ауыл шаруашылық жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердің жүйесін қалыптастырады;

- ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуді ұйымдастыру және де көптеген басқа да салалық міндеттерді өз алдына міндет ретінде қояды.

2003 жылға дейін ҚР-да ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы қарастырылмаған болатын. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер келесі жағдайларда ғана жеке меншікке беріледі:

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа (фермер) қожалығын,

2. өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу,

3. орман өсiру, бағбандық,

4. жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн,

5. үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi.

Меншік құқығының мазмұны туралы айта отырып, жерлерге меншік құқығының пайда болу негіздерін атап көрсетпей кету мүмкін емес:

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) меншiк құқығын табыстау;

2) меншiк құқығын беру;

3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

3)Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Арнайы жер қоры Қазақстанда 1991 жылы жер реформасы туралы заңына сәйкес пайда болған болатын. Құқықтық жағдайы Жер кодексінің 100-бабына сәйкес анықталады.

Жерді ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің арасында жер учаскелерін қайта бөлу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатндағы жерлер және босалқы жерлерден арнайы жер қоры құрылады. Арнайы жер қоры:

· жер учаскесінен өз еркімен бас тартқан жағдайда;

· Жер кодексінің 92,93,95-баптарына сәйкес, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда;

· Егер заң бойынша, өсиет бойынша мұрагерлері жоқ, немесе бірде-бір мұрагері мұраны қабылдамаған жағдайда немесе өсиет бойынша мұрагерлерді мұрадан айырған жағдайда, не мұрагерлер мемлекет пайдасына мұрадан бас тартқан жағдайдағы жер учаскелерінен құралады.

Белгілі жер учаскесін арнайы жер қорының құрамына енгізу туралы шешімді аудандық атқарушы орган қабылдайды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бір санаттан келесі түріне ауыстыру тәртібі. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру (трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негiзделедi.
2. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiмi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге негiз бола алады.
3. Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, ал жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша - олардың өз қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жер учаскесi, учаскелер тобы, суармалы алап, жер пайдалану бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Топырақ-мелиорациялық жай-күйi оларды басқа алқап түрiне ауыстыруды қажет ететiн ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық iзденiстер материалдарын, тұзданудың түсiрiлген суреттерiн, жер кадастрының, жердi түгендеудiң деректерiн зерделеу негiзiнде алдын ала анықталады.
5. Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстыруға:
егiстiк үшiн - жердiң агроөндiрiстiк топырақ сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуi, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейi;
көп жылдық екпелер үшiн - екпелердiң шектi жасы, олардың сиреуi, жердiң кен құрамының жұтаңдығы, қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы;
шабындықтар үшiн - жердiң шөлейттенуi, шалғындық өсiмдiктердiң сиреуi, жердiң мелиорациялық күйiнiң нашарлауы;
жайылымдар үшiн - тапталып бүлiнуi негiз болып табылады.
Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыстыру кезiнде жоғарыда санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал жайылма суармалы жер үшiн - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi ескерiледi.
Қажет болған кезде жергiлiктi атқарушы органдар бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстырудың басқа да көрсеткiштерiн: ауыл шаруашылығы алқаптарының өнiмдiлiгiнiң тым төмен болуы, топырақтың тұздану, сортаңдану, ластану деңгейiн және алқаптардың сапалық сипаттамасына әсер ететiн басқа да өлшемдердi белгiлейдi.
6. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдарда:
қорытындылар мен ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;
бiр түрден екiншiсiне ауыстыру көзделген жерлердiң экспликациясы;

трансформацияға жататын анықталған ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетiлген далалық зерттеу актiсi мен сызбасы;
жер учаскелерiнiң сапалық сипаттамасы;
суару жүйесiнiң, жайылма суару жүйесiнiң, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйi, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәлiметтер болуға тиiс.
7. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдар жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық органға аудан бойынша жинақтап қорыту, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу үшiн жiберiледi.
8. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық орган осы баптың 7-тармағында санамаланған органдардың ұсыныстарын ескерiп жасаған қорытындысымен бiрге:
неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды - түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн аудандық атқарушы органға;
суармалы жердi - суарылмайтын жерге, суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсу үшiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық органға жiбередi.
9. Келiсу нәтижелерi бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық аумақтық орган материалдарды тұтастай алғанда облыс бойынша тұжырымдайды және өз қорытындысымен бiрге оларды:
суарылмайтын егiстiктi неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының түрiне ауыстыру бойынша - түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн аудандық атқарушы органға;
суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру бойынша келiсу үшiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.
10. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган суармалар егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi ұсынылған материалдарды ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен келiседi және өзiнiң жинақталған қорытындысымен қоса, осы мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi.
11. Неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру туралы шешiмдi, осы баптың 7-тармағында санамаланған органдардың ұсыныстарын ескере отырып, аудандық (қалалық) атқарушы орган қабылдайды. Жер кодексі 98-бап.

Шартты жер үлесі дегеніміз – колхоз бен совхоздарға және қайта ұйымдастырылған ауылшаруашылық ұйымдарында жұмыс істеген немесе сол мекемелерде тұратын зейнеткерлер, әлеуметтік салада жұмыс істейтін мұғалімдер, дәрігерлер басқа да адамдардың сол ұйымдар жерінен бөлініп берілген үлесі болып табылады.

Шартты жер үлесіне құқықты растайтын құжат куәлік деп аталады. Жер бөлінген кезде көп жағдайда қағаз жүзінде беріледі. Себебі, жекешелендіру кезінде көп адамдар басқа мекемелерге кетіп ауылшаруашылығы қызметімен айналысқысы келмейді.

2003 жылғы жер кодексі қабылданған уақытта мынадай шешім қабылданды. 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін мүдделі тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердің мекемелерінің әкімшілігіне барып, мынадай әрекеттер жасауға құқылы:

1. куәлігін көрсетіп, өзіне тиесілі жерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алу;

2. өзінің үлесін мемлекеттен жалға алып, өз шаруашылығын немесе қожалығын жүзеге асыруға;

3. өз үлесін сатып лаып, акционерлік қоғамның, шаруашылық серіктестіктің, өндірістік коопертивтің жарғылық капиталына жарна немесе пай ретінде енгізу;

Жер кодексі 12-бап 39-тармағы, 103,170 баптар.


6630312020966011.html
6630355896423912.html
    PR.RU™